Мәскеуде өткен 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Иван Дычко мен өзбекстандық Баходир Джалоловтың арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы ойын айтты.
Қазақстандық боксшы Джалоловты нокаутқа түсіре алатынын айтты
"Егер олардың айқасы жанкүйерглерге қызықты болса, оны өткізу керек. Ал енді қайсы мықты екенін айту қиын. Дычко оны әуесқойда жеңген, бірақ біраз уақыт кәсіпқойда жүр ғой. Оның үстіне карьерасында үзілістер көп болды. Джалолов болса қазір ілгерлеп кетті: кәсіпқойда да, әуесқойда да сәтті өнер көрсетіп жүр. Меніңше, бұл қызықты айқас болады, бірақ, кім басым болатынын айта алмаймын. Дычкоға көбірек жекпе-жек өткізіп, рейтингтік ұпай жинау қажет. Екеуі әйтеу бір жұдырықтасады деп ойлаймын", - дейді Демьяненко.