Бокс
25 маусым 15:18
 

Қазақстандық боксшы Джалоловты нокаутқа түсіре алатынын айтты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы Джалоловты нокаутқа түсіре алатынын айтты ©instagram.com/bakhodirdjalolov

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов туралы ойын айтты. 

blog.share

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов туралы ойын айтты. 

- Джалоловпен кәсіпқойда кездескіңіз келе ме?

- Онымен қалағаным үшін ғана кездесудің мәнісі жоқ. Өйткені онымен бұрын кездескенмін. Егер ортақ мүдде үшін жұдырықтассақ жақсы болады. Егер бұл рейтингке әсер етіп, тиулды жекпе-жекке жақындауға көмектессе. Ал олай болмаса, қажеті жоқ. 

- Оны әуесқойда жеңгенсіз. Ол Қамшыек Қонқабаев үшін қалай бөгетке айналды? Баходирдің сыры неде?

- Әлбетте, ол ілгерлеген және өскен. Мен оны техника мен қозғалыс механикасы арқылы жеңгенмін. Бокстың бірнеше әдісі арқылы. Ол бойшаң, аяғымен жақсы қозғалады. Қолының ұзындығы арқылы қарсыласын қашықта ұстайды. Бойы ұзын боксшылар арасында жиі тараған әдіс. Мұнда ғажап ештеңе жоқ. 

- Джалоловпен айқасқа шықсаңыз не болады?

- Менде басымдық болатын еді. Мен оны жеңетін едім, мүмкін нокаутпен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!