Қазақстандық боксшы бір жарым жыл үзілістен кейін қарсыласқа жеңілмеген кәсіпқойды таңдады

Екінші өте жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Ержан Залилов (11-1-1, 5 КО) келесі жекпе-жегіне қашан шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, қазақстандық боксшы 7 наурыз Екатеринбургтегі бокс кешінде рингке шығады. Залиловтың қарсыласы тәжікстандық жеңілмеген Асрор Вохидов (6-0, 3 КО). Жекпе-жек форматы алты раунд. 

Қазақстандық боксшы 2018 жылдың қыркүйегінен бері жұдырықтаспады. Ол кезде Залилов Мәскеуде жергілікті Александр Салтыковты (12-59-3, 7 КО) нокаутқа түсірген. 

Ал оған дейін қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсіргенімен жеңіліп қалған еді. Залиловтың жалғыз жеңілісі испаниядағы Бильбаода румыниялық Йонут Балутадан (12-2, 2 КО) болды. 
Жаңалықтар