BoxRec.com мәліметінше, қазақстандық боксшы 7 наурыз Екатеринбургтегі бокс кешінде рингке шығады. Залиловтың қарсыласы тәжікстандық жеңілмеген Асрор Вохидов (6-0, 3 КО). Жекпе-жек форматы алты раунд.
Қазақстандық боксшы 2018 жылдың қыркүйегінен бері жұдырықтаспады. Ол кезде Залилов Мәскеуде жергілікті Александр Салтыковты (12-59-3, 7 КО) нокаутқа түсірген.
Ал оған дейін қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсіргенімен жеңіліп қалған еді. Залиловтың жалғыз жеңілісі испаниядағы Бильбаода румыниялық Йонут Балутадан (12-2, 2 КО) болды.