Бокс
14 қараша 14:31

Қазақстандық боксшы биылдыққа 4-рет айқаспақ: қарсылас 22 нокауты бар экс чемпион

©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage/

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (24-2, 17 KO) өзінің келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

30 жастағы Ахмедов 27 желтоқсанда Алматыда рингке қайта оралады. Оның қарсыласы - Гана елінің боксшысы Делали Миледзи (29-1-1, 22 KO).

Алдағы кездесу Ахмедов үшін биылдыққа төртінші айқас болмақ. Кейінгі рет ол қыркүйекте Алматыда жұдырықтасып, намибиялық Джозеф Маигвисияны (15-5, 11 KO) төрешілердің ортақ шешімімен жеңген еді.

34 жастағы Миледзи - Гананың бұрынғы чемпионы және WBA Africa белбеуін иеленген. Ол қазір төрт нокауттық жеңістен тұратын сериямен келе жатыр. 28 маусымда өткен кейнігі жекпе-жегінде ол Тогоның астанасы Ломеде өз отандасы Мохаммед Акронгты (23-14, 18 KO) нокаутқа түсірген.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport