1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 09:43
 

Қазақстандық боксшы беделді турнирде қарсыласын нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы беделді турнирде қарсыласын нокаутқа түсірді ©ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite турнирінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite турнирінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол Таиланд боксшысы Витайя Чансонмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек қазақстандық спортшының мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды. Үшінші раундта Нұрбек қарсыласын есеңгіретіп жібереді, осы кезде төреші есеп ашып, жекпе-жекті тоқтатты.

Ширек финалда Нұрбек Мұрсал Кевин Керр Сонни (Шотландия) мен Бозорбой Матиякубовтың (Украина) жұбында жеңіске жеткен боксшымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін жарыстан Сымбат Әлиаскар (54 кг), Шахназ Исаева (57 кг), Аяжан Ермек (60 кг) және Асем Таңатар (65 кг) шығып қалды. Әйелдер арасында тек Назерке Серік (65 кг) өз қарсыласынан басым түсе алды. Ал ерлер құрамасынан Испаниядағы өнерін Дәулет Молдашев (60 кг) пен Санатәлі Төлтаев (65 кг) аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!