| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 10:43
 

Қазақстандық боксшы Азияның үш дүркін чемпионымен айқасты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы Азияның үш дүркін чемпионымен айқасты ©ҚР ҰОк

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол Оңтүстік Корея боксшысы О Еон Джимен қолғап түйістірді. Қарсыласы 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы және Азияның үш дүркін чемпионы саналады. Үш раундқа созылған тартысты кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Осылайша, Графеева турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр.

Виктория Графеева 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар, ол 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінде және 2026 жылғы Бразилиядағы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде алтын жеңіп алған.

Бұдан бөлек, оның еншісінде 2025 жылы Сербияда өткен IBA әлем чемпионатының күміс жүлдесі, Ливерпульдегі World Boxing әлем біріншілігінің қоласы, сондай-ақ, 2026 жылғы беделді Странджа кубогының күміс жүлдесі бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!