Қазақстандық бұрымды боксшы Назым Қызайбай Ханчжоудағы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 келі салмақта өнер көрсететін Назым 1/8 финалдық кездесуде непалдық Сусма Тамангті 5:0 есебімен таза жеңді. Оның үстіне екінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді.
Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін моңғолиялық Йесуген Оюнцетцегпен өткізеді.