Қазақстандық боксшы Досжан Жұмқан Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері 1/8 финалда Тайбэй өкілі Хан-Ен Вангпен қолғап түйістірді.
Жұмқан жекпе-жек барысында толық басымдық танытып, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебінде жеңіске жетті. Осылайша ол құрлық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды.
Жарнама