Жарнама

Бокс
Бүгін 15:04
 

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалы үшін айқаста қытайдан жеңілді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалы үшін айқаста қытайдан жеңілді ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды.

blog.share

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды.

75 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Хальзова қытайлық Бао Цзыимен қолғап түйістірді.

Отандасымыз алғашқы раундты 4:1 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші раундта да Валентина аз ғана басымдықпен алға шықты.

Алайда шешуші раундта төрешілер жеңісті Цзыиге берді. Осылайша, қытайлық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (ереже бұзғаны үшін қазақстандық боксшының ұпайын алып тастады). Ал Валентина Хальзова Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) финалға жолдама алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!