Қазақстандық боксшы Азия чемпионатындағы бірінші айқасында есе жіберді

©

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Жансая Рахымберді (52 келі) Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатындағы бірінші айқаста жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан бұл жарыста ол вьетнамдық Тхи Хой Нгуенге есе жіберді.

Мұның алдында 48 келіде Әнел Құдайберген де өзбекстандық Фарзона Фозиловадан жеңілген еді. Ал рингке одан кейін шыққан Молдір Тойкова филиппиндік Мариэль Таландраттан басым түсті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport