Бокс
30 қаңтар 11:55

Қазақстандық боксшы Астанада 32 жеңсі бар мықты қарсыласпен титулға айқасады

©boxingscene.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов 28 ақпан күні Астанада танымал поляк боксшысы Мацей Сулецкимен жұдырықтасатын болды, деп хабарлайды massaget.kz.

AllStarsBoxing 3 бокс кеші елордадағы "Жекпе-жек сарайында" өтеді. Басты жекпе-жекте Данияр Елеусінов жұдырықтасады. 

Польшалық боксшы өте тәжірибелі қарсылас

Али Ахмедовтің қарсыласы тәжірибелі боксшы. Мансабында Деметриус Андраде, Дэниэль Джейкобс, Габриэль Росадо және Диего Пачеко сынды танымал боксшылармен жұдырықтасқан. Чемпиондық атаққа таласқан. Ол карьерасында 32 жеңіске жеткен, оның он екісі нокаутпен және үш рет жеңілген. 

Қарсыластар Астанада WBC Silver чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Айта кетейік, Али Ахмедов жуырда ғана (17 қаңтар күні) АҚШ-та жекпе-жек өткізді. Қарсыласы Малком Джонсонды екінші раундта-ақ нокаутқа түсірген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport