Бокс
3 шілде 16:02

Қазақстандық боксшы Әлем кубогінде нокдаун жасап жеңісті жұлып алды

©Kazakhstan Boxing Federation

Астанада бокстан Әлем кубогінің кезеңі жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан алғаш болып шаршы алаңға Наталья Богданова болды.

70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Богданова Бразилия боксшысы Барбара Мария Дос Сантоспен кездесті.

Богданова бірінші раундта басым болды, ал екінші раундты төрешілер бразилиялықтың пайдасына жазды. Үшінші раундта Наталья бразилиялықты нокдаунға түсірді де, жеңісті жұлып алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport