Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалында жеңіске жетті.
Надежда Рябец (75 келіге дейін) 1/4 финалда Бразилия өкілі Вивиан Дос Сантос Перейрамен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Надежда Рябец өзіне кем дегенде Әлем кубогының қола медалін қамтамасыз етті.
Жарнама