Бокс
31 мамыр 10:27

Қазақстандық боксшы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

©instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) кәсіпқойдағы кезекті жеңісінен кейін әлемуеттік желіде пост жариялады, деп жазады Vesti.kz.

Бұл жолы ол индонезиялық Харма Йестиді (1-4-1, 0 КО) жеңді. Енді Лукас мексикалық Эшли Гонсалес (16-2, 7 КО) пен жапониялық Мизуки Хирутамен (6-0, 2 КО) айқасқысы келеді екен. 

"Бәріне Ассалам Алейкум, құрметті қазақстандықтар! Биыл менің салмаңымдағы 190 қыздың ішінде топ-10 тізімге көтерілдім, осы жекпе-жектен кейін рейтингтің жаңарғанын күтеміз. 

Әлемдік ұйымдармен үнемі келіссөз жүргіземіз, WBC чемпионы Эшли Гонсалес бір жылдан аса уақыт белебуін қорғамады, сондықтан мен WBC World немесе басқа титул үшін де айқасуға дайынмын. 

Ал бір жарым айдан кейін негізгі титулдардың бірі үшін жұдырықтасамын. 

Өз салмағымдағы мықтылардың кез келгенімен жекпе-жекке дайынмын, ал енді Эшли Гонсалес және Мизуки Хирутамен жекпе-жекті ерекше қалаймын. Let’s go", - деп жазыпты ол әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport