Бокс
28 мамыр 2025 16:54
 

Қазақстандық боксшы әлем чемпионымен айқаста сенсация жасады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы әлем чемпионымен айқаста сенсация жасады ©СДД

Қазақстандық Наталья Богданова Таиланд астанасында өтіп жатқан дәстүрлі Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Наталья Богданова Таиланд астанасында өтіп жатқан дәстүрлі Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/4 финалда ол Қытай Тайбэйінің боксшысы, Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының (66 кг дейін) қола жүлдегері Чэнь Няньциньмен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс қазақстандық боксшы жеңді.

Осылайша, Богданова турнирдің кемі қола жүлдесіне жетіп отыр.

Айта кетейік, Чэнь Няньцинь — әлем чемпионы (2018), Азия ойындарының жүлдегері (2022), Азия чемпионаттарының жүлдегері (2017, 2019), жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері (2014).

Наталья Богданова — Азия чемпионы (2024), Ханчжоуда өткен Азия ойындарының (2022) және әлем чемпионатының (2025) қола жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!