Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының қолдауымен 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан атынан Владислав Саможонов өнер көрсетті. Ол 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің 1/8 финалында түркиялық Хакан Дениз Кошкунмен кездесті.
Саможонов жекпе-жек барысын сенімді бақылап, үшінші раундта төреші кездесуді тоқтатты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, ерлер арасындағы жарыста он салмақ дәрежесі бойынша 306 боксшы бақ сынайды. Әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.
Еске салайық, 2024 жылы АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткен World Boxing ұйымының алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі күміс жеңіп алған еді.