Бокс
28 қазан 13:23

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын мазақ қылып сабады

©ҚБФ

Қазақастандық боксшы Төрехан Сабырхан Будвадағы жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсетті. 

67 келіге дейінгі салмақта Төрехан ауғанстандық Самир Хамдаммен жұдырықтасып, оны 5:0 есебімен таза жеңді. Жекпе-жек кезінде қазақ боксшы ринг бұрышына тұрып алып, қарсыласын өзін сабауға шақырды, алайда соққылардың бәрін ойнап тұрып, өткізіп отырды. 

Осылайша, Төрехан Сабырхан әлем біріншілігінің ширек финалына өтті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport