Бокс
16 наурыз 2023 17:05

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді

©Видеодан кадр

Үндістанның Нью-Дели қаласында әйелдер арасындағы 2023 жылғы бокстан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасы сапынан рингке 52 келіде өнер көрсететін Жазира Орақбаева шықты. Бұрымдымыздың бірінші қарсыласы тайвандық Чань Ча-Cунь болды. Жазира қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді. 

Орақбаева екінші раундтың өзінде тайвандық боксшыны екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта қарсыласын кезекті рет есеңгіреткен кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Еске салайық, әлем біріншілігінде 12 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Ал жарыс 26 наурызға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport