Қазақстандық бұрымды боксшы Индира Қыдырмолдаева Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан U-19 әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда ол Венесуэла боксшысы Едмар Муньоспен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен шешімімен таза жеңіске жетті - 5:0.
Қыдырмолдаева үш раунд бойы қарсыласынан басым түсті. Осы жеңісінің арқасында қазақстандық боксшы әлем чемпионатының қола жүлдесіне ілігіп тұр.
Жарнама