Бокс
Бүгін 13:12

Қазақстандық боксшы АЧ финалына жетіп алтынға айқасады

©

Бүгін, 6 сәуірде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық кезең басталды.

Қазақстан құрамасынан алғашқы болып рингке Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) шықты.

Ол Қытай өкілі Алимире Абудурейимуға қарсы жекпе-жектің алғашқы раундында сенімді өнер көрсетіп, басымдыққа ие болды.

Екінші раундта да Бақыт қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Оның шешуші жекпе-жектегі қарсыласы кейін анықталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport