Қазақстан құрамасының боксшысы Дәулет Төлемісов Дубайда (БАӘ) IBA өткізіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
86 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда ол Бразилия спортшысы Рамон Батальего Соузаны 5:0 есебімен таза жеңді.