Қазақстандық боксшы Айдос Үсенов Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы бірінші кездесуінде румыниялық Разван-Йонит Панейнтті жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Үсенов румыниялық боксшыны бірауыздан жеңді55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі турнирдің 1/16 финалында Үсенов Панейнтпен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды - 5:0.
Осы жеңістің арқасында Үсенов әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Ал оның қарсыласы жарыстан шығып қалды.
Әлем чемпионаты Черногорияда өтіп жатырWorld Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Будва қаласында 16-27 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысып, 20 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.