Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында өзбекстандық Ситора Турдибековамен жұдырықтасты.
Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Алғашқы үш минуттық раунд аз ғана басымдықпен - 3:2 Графееваның пайдасына аяқталды. Екінші раунд та қазақстандық боксшының еншісіне жазылды - бұл жолы төрешілер 4:1 есебін тіркеді.
Шешуші раундта Турдибекованың мұрын жарақатына байланысты төреші жекпе-жекті бірнеше рет тоқтатуға мәжбүр болды. Соған қарамастан, Графеева шабуыл қарқынын төмендеткен жоқ және соңғы раундта да айқын басымдықпен жеңіске жетті - 5:0.
Осылайша, Виктория Графеева жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр. Ал Ситора Турдибекова турнирмен қоштасты.
Жарнама