Бокс
8 тамыз 14:43

Қазақстандық боксшы АЧ-де өзбек қарсыласын таза жеңді

©ҚБФ

Қазақстандық Құралай Егінбайқызы 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Жарыс Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық жекпе-жекте ол өзбекстандық Рухшона Парпиеваға еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Осылайша, Егінбайқызы құрлықтық турнирдің шешуші жекпе-жегінде алтын жүлдеге айқасатын болады, ал Парпиева қола жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport