Қазақстандық Құралай Егінбайқызы 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Жарыс Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық жекпе-жекте ол өзбекстандық Рухшона Парпиеваға еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Осылайша, Егінбайқызы құрлықтық турнирдің шешуші жекпе-жегінде алтын жүлдеге айқасатын болады, ал Парпиева қола жүлдегер атанды.
Жарнама