Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Ертуған Зейнуллинов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
63,5 келіге дейінгі салмақта оның қарсыласы Израиль боксшысы Ахмад Штиви болды. Кездесу толық үш раундқа созылып, Зейнуллинов төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті -5:0.
Осылайша, Ертуған Қазақстанның бесінші жартылай финалисті атанып, 1/2 финалға өту арқылы кепілді түрде жарыстың қола жүлдесіне жетіп отыр.
Айта кетейік, Штиви кәсіби рингте де сәтті өнер көрсетіп жүр. Оның профи-рекорды: тоғыз жеңіс (жеті нокаут) және бірде-бір жеңіліс жоқ.
Жарнама