Бокс
Кеше 22:53

Қазақстандық боксшы ӘЧ-де қарсыласын ұрып шалқадан түсірді

©

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов IBA Дубайда (БАӘ) ұйымдастырып жатқан бокстан әлем чемпионатында алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда ол Сейшел аралдарының боксшысы Джошуа Аарон Казенмен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта-ақ Аққалықов қарсыласын нокдаунға түсірді. Үш минуттықта төрешілер басымдықты толықтай қазақстандыққа берді — 5:0.

Екінші раундта Аққалықов толық басым болды: қарқынды әрі дәл соққы сериясымен қарсыласын құлатып тастады. Осылай таза нокаутпен Сабыржан сенімді түрде 1/8 финалға өтіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport