Бокс
10 қыркүйек 08:51
 

Қазақстандық боксшы ӘЧ-де қарсыласын нокдаунға түсірді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы ӘЧ-де қарсыласын нокдаунға түсірді ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/4 финалда отандасымыз түрік боксшысы Сема Чалышканмен жұдырықтасты.

Бірінші раунд қорытындысы бойынша төрешілер Богдановаға басымдық берді — 4:1. Екінші үш минуттықта қазақстандық боксшы тіптен сенімді өнер көрсетіп, қарсыласын нокдаунға түсірді (5:0). Үшінші раунд та Богданованың пайдасына шешілді - 5:0.

Төрешілер шешімімен эекпе-жек Наталья Богданованың жеңісімен аяқталды. Енді 13 қыркүйекте өтетін жартылай финалда Богданова Англиялық Шантель Рейдпен кездеседі.

Еске салайық, 1/8 финалда Наталья Үндістан боксшысы Чану Санамачу Тхокчомды жеңген болатын.

Наталья Богданова - 2024 жылғы Азия чемпионы, Ханчжоуда өткен 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері және 2025 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!