Қазақстандық боксшы АЧ-да қарсыласын есеңгіретті
©Видеодан кадр
54 келіде өнер көрсететін Нұрсұлтан Алтынбек Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келіде өнер көрсететін Нұрсұлтан Алтынбек Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалдық айқаста қазақ боксшының қарсыласы малазиялық Ахмад Шахар Мухаммад Имдад болды. Нұрсұлтан бұл кездесуді айқын басымдықпен жеңді, оның үстіне үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.
Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, кемі қола жүлдеге ілігіп отыр.
Мұның алдында Санжар Тәшкенбай (48 келі) жартылай финалға жолдама алған болатын. Ал Даниял Сәбит (51) таиландтық Саенгфет Танаратқа есе жіберді.
Жарнама