Бокс
Бүгін 21:47

Қазақстандық боксшы ӘЧ-де басты фаворитті екі рет нокдаунға түсірді

©Kazakhstan Boxing Federation

Қазақстандық боксшы Әділ Асканбай Черногорияның Будва қаласында World Boxing өткізіп жатқан U19 әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда отандасымыз турнирдің басты фавориттерінің бірі саналған украиналық Михайло Сидоренкомен кездесті.

Асканбай алғашқы раундтың өзінде қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Қалған уақытта қазақстандық боксшы басымдығын сақтап, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 4:1.

World Boxing ұйымы өткізіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады. Жарыста 69 елден келген 474 спортшы ерлер мен әйелдер арасындағы он салмақ дәрежесінің әрқайсысында жүлде үшін бақ сынап жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport