Қазақстандық боксшы АЧ алтыны үшін украиналықпен соңына дейін айқасты
©Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық Гүлсая Ержан Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында финалдық айқасын өткізді.
Қазақстандық Гүлсая Ержан Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында финалдық айқасын өткізді.
81 келдегі шешуші жекпе-жекте Гүлсая украиналық Карине Айрапетянмен жұдырықтасты. Алтын үшін айқаста төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы басым түсті.
Осылай Гүлсая Қазақстанға осы турнирдің төртінші алтынын алып берді.
Бұған дейін Наталья Богданова финалда Байсон Маниконды, Виктория Графеева қытайлық Ли Ксиангты, ал Аида Әбікеева вьетнамдық Ха Линді жеңген еді.
Жарнама