1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Бокс
Бүгін 18:30
 

Қазақстандық боксшы АЧ алтыны үшін айқаста қарсыласын нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы АЧ алтыны үшін айқаста қарсыласын нокаутқа түсірді ©KBF

Қазақстандық Аманжан Жанай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан U15 және U17 жас санаттарындағы бокстан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Аманжан Жанай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан U15 және U17 жас санаттарындағы бокстан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан боксшысы 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда Аманжан үндістандық боксшы Ронак Параг Локхандемен қолғап түйістірді.

Алайда шешуші жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Қазақстандық спортшы алғашқы раундтан бастап басымдық танытып, төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты. Нәтижесінде Жанай техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.

Осылайша, Аманжан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын салды. Ал үндістандық Ронак Параг Локханде турнирді күміс жүлдемен аяқтады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!