Қазақстандық боксшы 22 жеңісі бар америкалық қарсыласының көзіне тік қараған сәтінің видеосы

© Тұрар Қазанғапов
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов (14-1-1, 12 КО) пен америкалық Джарон Эннис (24-0, 22 КО) жекпе-жек алдында көзарбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Антлантик Ситиде өтетін жекпе-жек Қазақстан уақытымен 11 қаңтар таңғысын болады. 

Бұл 2019 жылы Головкин андеркартында карьерасында бірінші рет жеңілген 33 жастағы Эюбовтың рингке қайта оралуы.