Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай World Boxing-тің ұйымдастыруымен Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде басты фавориттердің бірі саналатын Бибарыс Әшірбай 1/16 финалда аргентиналық Сантьяго Хименес Лоссомен кездесті.
Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ шеберлік деңгейінің жоғары екенін көрсетіп, қарсыласына шабуыл жасауға мүмкіндік бермеді.
Бибарыс шабуылда да, қорғаныста да сенімді өнер көрсетіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті - 5:0.
Жарнама