Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов Софияда (Болгария) өткен халықаралық "Странджа кубогі" - 2026 турнирінің финалында жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын жүлде үшін өткен айқаста Фарух АҚШ боксшысы Лавант Броунлимен жұдырықтасты. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бөлек шешімімен америкалық жеңіске жетті.
Осылайша, Броунли турнир чемпионы атанып, Фарух Тоқтасынов жарысты күміс жүлдені місе тұтты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды Элина Базарова (54 келі) салған еді. Одан кейін Надежда Рябец, Валерия Аксенова және Даниял Сәбит те чемпион атанды.
Сонымен қатар, финалда Лаура Есенкелдә өзбекстандық Навбахор Хамидоваға жол беріп, турнирді күміс жүлдемен аяқтады.