Жарнама

Бокс
Бүгін 13:58
 

Қазақстандық бкосшы АЧ финалында қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық бкосшы АЧ финалында қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді ©Kazakhstan Boxing Federation

Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалда ол Үндістан боксшысы Алфия Патханмен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта қарсыласы нокдаунға түсіп, үш минуттық кезең Исламбекованың пайдасына аяқталды.

Екінші раундта да қазақстандық боксшы басымдық танытып, 4:1 есебімен алға шықты. Үшінші раундта үндістандық спортшы тағы да нокдаунға түсті. Бұл кезең де, жалпы жекпе-жек те Исламбекованың айқын басымдығымен өтіп, төрешілер жеңісті бірауыздан Динаға берді.

Еске салайық, бұған дейін Бақыт Сейдіш (70 келі) үндістандық Арундхати Чоудхариге есе жіберіп, күміс жүлдегер болды. Ал Надежда Рябец (80 келі) өзбекстандық Рухшона Парпиеваны айқын жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салған болатын.

World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатқан Азия чемпионаты 10 сәуірде өз мәресіне жетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!