Бокс
11 қыркүйек 08:38

Қазақстандық бкосшы ӘЧ-де Олимпиада чемпионының тас-талқанын шығарды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақта ол түрік боксшысы Бусеназ Сюрменелимен кездесті. Бірінші раунд 4:1 есебімен Аиданың пайдасына шешілді. Екінші үш минуттық кезеңде де төрешілер дәл осындай басымдықты қазақстандыққа берді.

Шешуші үшінші раундта да Әбікеева жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды және кемі жарыстың қола жүлдесін иеленіп тұр.

Айта кетейік, Бусеназ Сюрменели - үш дүркін әлем чемпионы (2019, 2022, 2025), Токио Олимпиадасының (2020) алтын жүлдегері, сондай-ақ Еуропа чемпионатының алтын (2024) және қола (2019) жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport