Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан халықаралық Boxam Elite–2026 турнирінде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы кездесуінде ол канадалық Кеому-Али Аль Ахмадиға күтпеген жерден 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Серік Теміржанов жарысты жүлдесіз аяқтап, елге оралады.
Айта кетейік, Серік Теміржанов - әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022), сондай-ақ, 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Бұған дейін турнирдің ерлер арасындағы жарысында қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан (55 кг) жартылай финалға өтіп, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етсе, Бексұлтан Боранбек (55 кг) өз жекпе-жегінде жеңіліс тапты.
Жарнама