Қазақстандық Азия чемпионы Канелоның бокс кешінде айқасатынын растады

©

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) Vesti.kz тілшісіне Сауль Канело Альварес пен британялық Джон Райдер айқасының кардында жұдырықтасатынын растады.

Бокс кеші 6 мамыр Гвадалахарада (Мексика) өтеді. Бұл кеште Бек венесуэлалық Аргенис Эспаньямен (15-1, 14 КО) айқасады.

"6 мамыр Канелоның кардында боламын. Кәсіпқойда біздің ісімізді жүргізетін Suleimen Promotions компаниясына бұл үшін үлкен алғыс", - дейді боксшы. 

Әуесқойда Бек 2019 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport