Бокс
5 сәуір 2021 10:57

Қазақстандық Азия чемпионы 72 секундтағы нокаут үшін қанша гонорар алғаны айтылды

Сурет: instagram.com/mtkglobal

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) кәсіпқойдағы үшінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды. Бұл айқаста ол бұрын жеңілмеген венесуэлалық Хебер Рондонды (20-1, 13 КО) 72 секундта нокаутқа түсірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Аралас жекпе-жектен қазақстандық сарапшы Айдар Махметовтың ақпараты бойынша, бұл кездесуі үшін Тұрсынбай 210 мың доллар алған.

Осы жеңісі арқасында қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 48 саты жоғарлады. Еске салайық, Тұрсынбай Дубайда өткен бокс кешінде жұдырықтасты.

Тұрсынбай Құлахмет әуесқойда 2019 жылғы Азия чемпионы және сол жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.