"Қазақстандық айлалы солақаймын". Қазақ нокаутшы Америкаға ең мықтылармен айқасуға келгенін мәлімдеді

Сурет: Eye of The Tiger Management©

Қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) MTK Global компаниясымен ынтымақтастығына қатысты пікір білдірді. 

Батырдың ісін әлі де канадалық Eye of the Tiger Managment компаниясы жүргізеді. Дегенмен, қазақ боксшының менеджері ауысты - Рик Мириджан және ол әйгілі Энди Руистің бапкері болған Мэнни Роблестің қоластында жаттығатын болды. 

"Карьерамның жаңа кезеңінде Мириджан мен MTK Global сияқты ірі брендпен күш біріктіргеніме қуаныштымын. Тамаша жекпе-жектер өткіздім, енді дағдыларымды әлемдік сахнада көрсетуге дайын екенімді сеземін.

Мен 18 жеңісі, 0 жеңіліс пен 14 нокауты бар қазақстандық айлалы солақаймын. Сондықтан жанкүйерлерге керемет айқастар көрсетуге уәде беремін. Керемет бокс тамашалау үшін маған жанкүйер болыңыздар. 

Ең мықтылармен жұдырықтасу үшін Америкаға келдім. Менің командам және MTK Global артымда тұрғанда көп ұзамай титулды жекпе-жекке шығамын деген сенімдемін", - деп береді боксшының сөзін менеджерлік компанияның баспасөз қызметі. 

Жаңалықтар