Бокс
2 тамыз 2018 12:46
 
Қазақстандық Әшкеевтің қарсыласы жекпе-жекке екі күн қалғанда ауысты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық Әшкеевтің қарсыласы жекпе-жекке екі күн қалғанда ауысты © strictlybusinessboxing.com

4 тамызда Атлант-Ситиде (Нью-Джерси штаты, АҚШ) бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекке WBO жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) және колумбиялық 34 жастағы Элейдер Альварес (23-0, 11 КО) шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шоу барысында ешқашан жеңіліп көрмеген екі қазақстандық боксшы - орта салмақтағы Мадияр Әшкеев (9-0, 5 КО) және орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) төбелеске шығады.

Сегіз раундттық жекпе-жекте Нұрсұлтановтың қарсыласы доминикандық Джонатан Батиста (17-14, 10 КО) болады. Баптиста Қазақстан өкілімен өмірінде екінші рет шайқасайын деп жатыр - 2015 жылы шілдеде ол Майамида Қанат Исламнан (25-0, 20 КО) бірінші турда жеңіліп қалған.

Ал Әшкеевке келер болсақ, оның қарсыласы өзгерді. Алдында қазақстандыққа америкалық  Клеотис Пендарвис (21-4-2, 9 КО) қарсылатын болған, ал кейін мексикалық (Фернандо Каркамо 23-8, 18 КО) туралы ақпарат пайда болды. BoxRec-тің соңғы мәліметіне қарағанда, қазақстандық боксшы эквадорлық Эдуардо Флоресоммен (26-29-4, 15 КО) шығады.

Айта кеткен жөн, Әшкеев пен Нұрсұлтановты ортақ менеджер - Эгис Климас байланыстырады. Ал үш боксшының мүддесімен Main Events промоутерлік компаниясы айналысады.

Жарнама

Живи спортом!