Қазақстан құрамасының боксшысы Теміртас Жүсіпов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалында ол ресейлік Эдмонд Худояннан 0:5 есебімен жеңілді.
37 жастағы Жүсіпов – қазақ әуесқой боксының аңызы. Ол – әлем чемпионы (2021) және Азия чемпионы (2013, 2019), сондай-ақ WSB сериясының чемпионы (2015), Әлемдік әскери ойындардың (2019) және әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының (2021) жеңімпазы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы.
Жарнама