Бокс
Бүгін 06:20
 

Қазақстандық аңыз боксшы ӘЧ-де үндістандық қарсыласын тас-талқан етті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық аңыз боксшы ӘЧ-де үндістандық қарсыласын тас-талқан етті ©

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Теміртастың 1/8 финалдағы қарсыласы үндістандық Девендра Сингх Соланки болды. Бұл жекпе-жекте Жүсіпов 4:0 есебімен жеңіске жетті.

37 жастағы Жүсіпов – қазақ әуесқой боксының аңызы. Ол – әлем чемпионы (2021) және Азия чемпионы (2013, 2019), сондай-ақ WSB сериясының чемпионы (2015), Әлемдік әскери ойындардың чемпионы (2019) және әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы (2021). Сонымен қатар, бірнеше рет ұлттық чемпионатты жеңіп алған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!