Қазақстандық Ангелина Лукастың келесі қарсыласы белгілі болды

20 қыркүйек 2022 14:36
©

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (1-0) 2 қазан күні аса жеңіл салмақта UBO International титулына таласады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы қаласында өтетін бокс кешінде Лукастың қарсыласы украиналық Лена Гуриева болмақ (1-2).

27 жастағы украиналық та Лукас сияқты кәсіпқой бокстағы дебютін былтыр жасаған. Гуриева қазіргі дейін үш кездесу өткізіп, бірінде жеңіске жетсе, екеуінде қарсыласқа есе жіберген. Ал Лукас алғашқы кездесуін 2021 жылдың басында өткізіп, тағы бір украиналық боксшы Светлана Василевскаяны жеңген еді. Қазір қазақстандық бұрымды кездесуге қызу дайындық жүргізіп жатыр. Оның айтуынша, бұл жекпе-жек кәсіпқой бокста өзі туралы жар салуға мүмкіндік береді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында АҚШ-тың Boxing Stars Management компаниясы ұйымдастырып жатқан нағыз америкалық атмосферадағы бокс кеші өтеді. Кешті "Хабар" арнасы мен өзге де шетелдік арналар трансляциялайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар