1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 13:06
 

Қазақстандық алты боксшы Таиландтағы турнир финалына жолдама үшін айқасады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық алты боксшы Таиландтағы турнир финалына жолдама үшін айқасады ©

13 наурыз күні Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде ширек финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

13 наурыз күні Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде ширек финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесулер ерлер мен әйелдер арасындағы жарыс кестесі бойынша ұйымдастырылды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының алты боксшысы жартылай финалға жолдама алды. Ал Арман Мірсәбит, Жасмин Абрамян және Айсулу Мұхит өз жекпе-жектерінде жеңіліс тапты.

1/4 финал жекпе-жектерінің нәтижелері:

• 50 кг. Арман Мірсәбит – Михайло Сидоренко (Украина) – 2:3
• 57 кг. Ақнұр Тұрсынғали – Бесма Бахри (Алжир) – 4:0
• 60 кг. Жасмин Абрамян – Лиз Тейссен (Нидерланды) – 1:4
• 60 кг. Досжан Жұмақай – Кристиан Харасник (Словакия) – қарсыласы салмақ өлшеу рәсімінен өтпеді
• 65 кг. Айсулу Мұхит – Лаурин Илмор (АҚШ) – 0:5
• 70 кг. Бибарыс Әшірбай – Асанте Ламар (АҚШ) – 3:2
• 75 кг. Хамза Мақсатұлы – Исфандиор Хасимов (Тәжікстан) – Мақсатұлы бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді
• 80 кг. Тимур Тайбеков – Тронг Тиен Нгуен (Вьетнам) – Тайбеков екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді
• 85 кг. Нұрсұлтан Қыстаубай – Жахонгир Рузибоев (Тәжікстан) – Қыстаубай бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі боксшыларға арналған Futures Cup U-19 турнирі алғаш рет ұйымдастырылып отыр және ол World Boxing ұйымының қолдауымен өтуде. Қазақстан бұл жарысқа 19 спортшыдан құралған делегациямен қатысуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!