Қазақстандық Али Ахмедов "Пантераны" нокаутпен жеңген кездесуінен кейін алғаш пікір білдірді
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) өзінің шаршы алаңға қайта оралуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) өзінің шаршы алаңға қайта оралуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Монтебеллода (АҚШ, Калифорния штаты) өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде ол Давид "Пантера" Сегарроны (34-6, 21 КО) үш раундта нокаутпен жеңді.
"Барлығыңызға құттықтап жатқандарыңыз үшін көп рақмет! Мені қолдап, жанкүйерлік танытқандарға алғысым мол. Өзімнің дайындығыма 100 пайыз сенімді болдым, шаршы алаңға шыққым келгеніне біраз болған еді, сондықтан бүгін кездесу өткізіп, осындай атмосферада болғаныма қуаныштымын. Ары қарай үлкен істер күтіп тұр. Командама рақмет! Абай болыңыздар!", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Жарнама