Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында World Boxing ұйымы өткізіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында оның қарсыласы филиппиндік Поль Жулифер Баскон болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан (5:0) қазақстандық боксшыға берді.
Осылайша, Оразбек Асылқұлов турнирдің ширек финалына жолдама алды.
2026 жылғы Азия чемпионаты Моңғолия астанасында 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан бұл додаға 20 боксшы (ерлер мен әйелдер құрамасында 10-нан) алып келген.
Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов - 2025 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Жарнама