Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Бекзат Нұрдәулетов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогінің 1/4 финалында аустралиялық Лаклан Лоусонды жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жектің алғашқы раундында Нұрдәулетов қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен айқын басымдық көрсетті.
Екінші раундта да басымдық Бекзаттың жағында болды - төрешілер шешімімен 4:1 есебімен ұтты. Үшінші раундта қазақстандық боксшы қысымды арттыра түсіп, жеңісті біржола өз пайдасына шешті. Жекпе-жек төрешілердің ортақ шешімімен аяқталды.
Осылайша, Нурдаулетов жартылай финалға өтіп, кемі қола жүлдеге жетіп отыр.
Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов - 2019 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.
Жарнама